USD
USD
USD

Алматыда екі баланы өрттен аман алып қалған сержант марапатталды

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Жандос Барлыбаев ерлігі үшін "Ел қорғаны" медалімен марапатталды, деп хабарлады Stan.kz. 

Алматыда екі баланы өрттен аман алып қалған сержант марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Марапатты қорғаныс ведомствосы басшысының атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев табыстады.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан санаулы күн бұрын Алматы қаласында Красногорская көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жатақхананың бірінен өрт шыққан болатын.

Әскери қызметші ол туралы таныстарынан естіп, ойланбастан оқиға орнына барған. Көрші ғимараттың отқа оранған 2-ші қабатын көрген сержант Жандос Барлыбаев терезе торларымен екінші қабатқа көтеріледі.

Ол жерден 12-13 жастағы баланы, төрт айлық нәрестені алып шығып, сондай-ақ анасының жанып жатқан ғимараттан шығуына көмектесті.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық