USD
USD
USD

Алматыда екі автоЦОН біріктіріледі

Алматыда Бостандық ауданындағы автоЦОН қызметі Алатау ауданындағы мамандандырылған ХҚКО-ға қайтарылады.

Алматыда екі автоЦОН біріктіріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

"Қала тұрғыны Akimat Live бағдарламасына хабарласып, "Автодом" сауда орталығы аумағында жақында орналасқан АвтоЦОН туралы айтып, жұмыс сапары кезінде сол жағдаймен таныстым. Мұнда супермаркеттер, автосалон, басқа да сауда орталықтары, көпқабатты тұрғын үйлер орналасқандықтан бұл учаскенің, әсіресе, демалыс күндері кептелістен көзі ашылмайды. Осыған байланысты көліктерді рәсімдеу бойынша қызметтерді Алатау ауданының мамандандырылған ХҚКО-ға қайтаруды тапсырдым, деп жазды әкім Facebook-те.

Ол жерде келушілер үшін де, автокөліктер үшін де жеткілікті орын бар.

Сондай-ақ жақын маңдағы тұрғын үй кешені тұрғындарының өтініші бойынша Бостандық ауданының әкімі мен қалалық Мобильділік басқармасының басшысына қарқынмен салынып жатқан учаскенің жол жүру жолдары мен әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жоспарын ұсынуды тапсырдым, - дейді Бақытжан Сағынтаев.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.