USD
USD
USD

Алматыда екі автобус соқтығысты: 20 адам зардап шекті

Алматының Медеу ауданында Тәтібеков пен Серпер көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.

Алматыда екі автобус соқтығысты: 20 адам зардап шекті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Апат куәгерлері мен №4 автобус жүргізушісінің айтуынша, №4 автобус аялдамада тұрған. Сол уақытта №203 автобус жылдамдықпен жүрген. Серпер көшесінен өткен соң жүргізуші аялдамада тұрған автобусты айналып өтпек болған, алайда сол жақтан көлік қозғалған. №203 бағдар жүргізушісі автокөлікпен соқтығыспау үшін рөлді оңға бұрған, артынша №4 автобусты соқты.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі автобуста 20-ға жуық адам зардап шеккен.

№4 маршруттың жүргізушісі қақтығыс болған кезде өзінің №203 автобусқа қарай жүгіріп барғанын айтты. Ол жерде автобус есігі ашылмай қалған.

Жүргізушілер әйнекті сындырып, іштен бірнеше адамды шығарды. Артынан артқы есікті ашып, зардап шеккендерге автобустан шығуға көмектесті.

Қазір оқиға орнында барлық мән-жайды егжей-тегжейлі анықтау үшін полиция қызметкерлері мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп