USD
USD
USD

Алматыда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар

Алматы нарығын толықтыру үшін тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен дәрі-дәрімектерді дәріханаларға жеткізу жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Алматы қаласы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаевтың айтуынша, 26 қаңтардағы жағдай бойынша стационарларда 2,6 млн дәрі- дәрмек бар. «Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясын емдеуде сұранысқа ие препараттар барлық дәріханаларда бар. Дәрханалардың препараттармен қамтамасыз етілуі 85-90% - ды құрайды, дәріханаларда бұрыннан қалған миллионнан аса сұранысқа ие препараттар бар. Бұдан басқа, нарықты толықтыру үшін тұрақтандыру қоры қаражатының есебінен қаланың дәріханаларына дәрілік заттарды жеткізу жалғасуда. Бүгінгі күні қалаға әкелуге жоспарланған 40,1 млн дәрілік заттардың 47,2 млн әкелінді, оның 22,3 іске асырылды, қолда 24,8 млн бар. Оның ішінде төмендетілмейтін қалдық 8 млн дана. Қосымша 2021 жылғы 31 қаңтарға дейін 453 мың дәрілік зат түсімі күтілуде», - деді Заңғар Сәлімбаев. Алматы қаласында дәрі- дәрмектің екі айлық азаймайтын қоры бар.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.