USD
USD
USD

Алматыда дәмхана өртенді

14 қыркүйекке қараған түні Алматыда кафе өртеніп, өрт тұрғын үйдің төбесіне дейін жеткен, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Алматыда дәмхана өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 1:15-те өрт туралы хабар түскен. Сол уақытта Түрксіб ауданы Сүйінбай даңғылы 567 мекенжайында орналасқан жазғы алаңы бар бірқабатты «Кахури» кафесінде өрт шыққаны анықталды.

«Кафенің ішкі жағы ағаштан жасалған, бұл өрттің тез таралуына себеп болды. Жақын маңдағы үйлерді қорғау үшін шұғыл түрде оң және сол жағынан екі әскери бөлім құрылды.  Кафеден 50 литр газ баллоны шығарылды. Осылайша, өрт сөндірушілер жарылыс қаупінің алдын алды. Өрт 24 минут ішінде сөндірілді, 465 шаршы метр аумақ өртенген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ол кезде кафе жабық болған», - деді Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC