USD
USD
USD

Алматыда далада түнеп жүрген студенттерге көмек берілетін болды

Ғылым және жоғары білім министрлігі "далада түнеп жүрген" Алматы студенттерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Алматыда далада түнеп жүрген студенттерге көмек берілетін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрлік мәліметінше, өзге өңірлерде мұндай жағдай тіркелмеген.

"Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған арнайы жедел штаб жұмыс істейді. Баспанамен қамту бойынша студенттер тәулік бойы 8 778 655 60 83 байланыс телефонына хабарласа алады. Бұдан бөлек Ғылым және жоғары білім министрлігінің  1450 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді", -деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Әділет министрлігінің тұрғын үйді жалға алу мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес беретін 119 (қалалық телефон) немесе 58-00-58 байланыс номеріне хабарласуға болады (Алматы, Астана).

Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау кеңселері ашылған. Ол жерге студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылар жүгіне алады.  

Қазір оқып жатыр

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид