USD
USD
USD

Алматыда дабыл қосылады

Алматыда 30 қыркүйек күнi сағат 12:55- те дабыл (сирена) белгісі іске қосылады.

Алматыда дабыл қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2021 жылы 30 қыркүйекте түскі сағат 12.55-те Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді. Жаттығу кезінде «Назар аударыңыздар!» хабарламасымен бірге электронды дабыл іске қосылады. Оған қоса, телерадиоарналардың жұмысы автоматты түрде тоқтатылып, дабыл хабарламасы таратылады»,- деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мамандары Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұрайды.

Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:

- радиоқабылдағышты немесе теледидарды қосыңыз;

- төтенше жағдай туралы хабарламаны тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз:

- көшедегі дауыс зорайтқыштармен және мобильді ескерту құрылғыларымен жіберілген төтенше жағдай туралы хабарламаға құлақ асыңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Қазір оқып жатыр

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді

Гуманитарлық көмек

Ғазиз Әбішев: Қазақстан мен Түркия бір-біріне не үшін қажет?

.

Науқастарға шуға шыдауға тура келеді: Астанада аурухана жанындағы құрылыс жалғасады

Құрылыс