USD
USD
USD

Алматыда Covid-19-дан қайтыс болған науқас туралы мәлімет

 Covid-19-дан қайтыс болған 1963 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны. 

Алматыда Covid-19-дан қайтыс болған науқас туралы мәлімет
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жергілікті қала тұрғынымен байланыста болған оны 29 наурызда медициналық жедел жәрдем бригадасы «Екі жақты полисегментарлы пневмония» диагнозымен коронавирустық инфекцияға талдау алу үшін стационарға жеткізді. 

1 сәуірде науқастың жай-күйінің нашарлауына байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылды. Оның тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және бауыр жетіспеушілігі асқынып, жағдайы күрт нашарлаған. Науқаста 2 сатылы қант диабеті диагнозы болған. 

«Бүгін 10 сәуірде сағат 18:00-де полиоргандық жетіспеушілігінен жүрек қызметі тоқтады. 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болды. Сағат 18:30-да науқас қайтыс болды», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Марқұммен байланыста болған адамдардың барлығы провизорлық стационарға карантинге жатқызылды. 

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu