USD
USD
USD

Алматыда COVID-19 анықтайтын жетінші зертхана ашылды

Алматы COVID-19 инфекциясына скрининг жүргізетін жетінші зертхана ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда COVID-19 анықтайтын жетінші зертхана ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Атакент» орталығындағы коронавирус инфекциясын жоғарғы дәлдікпен анықтайтын ПТР диагностикасы бар модульдік зертхана кешенінің тұсаукесеріне қатысты.

«COVID-19 анықтау мүмкіндігін кеңейтіп жатырмыз. Жоғары технологиялық зертхананы Б.Өтемұратов атындағы қор қала әкімдігіне табыстады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі адамдарға, жұмыссыздарға, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, жоспарлы госпитализацияға бағытталған, жасы 50 асқан адамдарға, тыныс алу жолдары мен жүрек ауруы бар азаматтарға, эпидемияға қарсы жұмысқа жұмылдырылған азаматтарға скрининг жасалады. Осының арқасында Алматыда коронавирус инфекциясының таралуын шектеуге болады»,- деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.

Бұл - Алматыдағы жетінші зертхана кешені. Алматыда коронавирус инфекциясын анықтайтын 6 зертхана жұмыс істеп тұр.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова