USD
USD
USD

Алматыда бұзылған ғимараттардың орнына заманауи кең мектептер салынады

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бұзылған №97 мектептің орнында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды.

Алматыда бұзылған ғимараттардың орнына заманауи кең мектептер салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нысан 2024 жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.

«№72 мектепті бұзып, қуаты 380-ден 1200 орынға дейін ұлғайған жаңа ғимарат салу үшін жыл соңына дейін 5 жер телімін сатып алу және 10 учаскені қосу арқылы мектептің қазіргі аумағын кеңейту көзделіп отыр. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2024 жылдың I-ші тоқсанында басталады», - деді қала әкімі.

2024 жылдың I-ші тоқсанында №104 мектепке 400 оқушы орындық қосымша құрылыс салуды бастайды. 2 мектепті бұзып (№13 мектеп-гимназия, 860 орын; №158 мектеп, 620 орын), олардың орнында әрқайсысы 1 200 оқушы орнына дейін ұлғайған 2 жаңа мектеп салу мәселесі пысықталып жатыр. Талдау қорытындысы бойынша 2 мектеп анықталды, оларға 700 оқушы орындық қосымша құрылыс салу жоспарға енген.

№ 1 мектеп бойынша 400 орындық қосымша құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы 2024 жылдың I-ші тоқсанында басталып, қазан айында аяқталады. №42 мектеп бойынша 300 орындық қосымша құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы шілде айында басталды.

Мемлекеттік сараптамадан кейін 2024 жылдың мамыр айында бітеді. Сонымен қатар, №141 және №127 мектептерді сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу аяқталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кейбір әскерилерге үш есе мөлшерде ақы төленбек

Әскерилер

Мамандар Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын кешенді тексеруге кірісті

тексеру

Тараздағы зауыттағы оқиғадан кейін «Қазақмыс» ресми түсініктеме берді

Қазақмыс

Интернеттің жаппай өшірілуі қазақстандықтардың ақпарат алу құқығын шектемей ме?

Интернет