USD
USD
USD

Алматыда бұқаралық іс-шара және митинг өткізуге тыйым салынды

Алматы коронавирустың таралу деңгейі бойынша «қызыл» аймақта, сондықтан мегаполисте кез келген бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.

Алматыда бұқаралық іс-шара және митинг өткізуге тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жанболат Мамайдың көпшілікті митингіге шақыру туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді.

«Алматы қаласы «қызыл» аймақта болуына байланысты бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынаған. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген. Сондықтан ешқандай митингі өткізуге рұқсат жоқ», - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұған дейін бейбіт жиындар туралы өтініштерді қарайтын уәкілетті органға бұл митингіге рұқсат беруден бас тартуға кеңес берілген. «Түсініктемелері бар тиісті хат Жанболат Мамайға уақытылы жіберілді»,- деп толықтырды департаменттегілер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy