USD
USD
USD

Алматыда бүгін күні бойы жаңбыр жауады: 46 патрульдік бригада кезекшілікке шықты

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін жаңбыр күні бойы жауады, деп хабарлады Алматы әкімдігі. 

Алматыда бүгін күні бойы жаңбыр жауады: 46 патрульдік бригада кезекшілікке шықты
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Жаңбырдың тоқтаусыз жаууына байланысты таңғы 8-ден бастап 46 патрульдік бригада кезекшілікке шығады. Су тасқынының алдын алу үшін 165 бірлік арнайы техника, 26 мотопомпа және 836 жұмысшы жұмылдырылды. 1825 қап құм дайындалды.

Алматыдағы «Қазгидромет» РМК сіркіреп жаңбыр жауады деп болжайды, ақ таңнан сағат 14:00-ге дейін жел тұрып, екпіні 13 м/с дейін жетеді.

Жауын-шашын 23 қыркүйекке қараған түні тоқтайды деген болжам жасады. Күндіз ауа температурасы +12...+14 градус.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты