USD
USD
USD

Алматыда бүгін коронавирус анықталған екі ер адамның жағдайы ауыр

11 сәуір таңертең Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырған 5 жаңа жағдай тіркелді,

Алматыда бүгін коронавирус анықталған екі ер адамның жағдайы ауыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 5 жаңа жағдай бұған дейін COVID-19 жұқтырған жергілікті науқастармен байланыста болған адамдардан анықталды. Олардың екеуі – әйел, үшеуі –ер адам. Екі ер адамның жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты ауыр деп бағаланды. Қалған пациенттердің жағдайы – қанағаттанарлық. Олармен байланыста болған барлық адам іздестірілуде, карантинге жатқызылады.

Бүгінде инфекциялық стационарда КВИ-мен ауырған 99 адам (1 облыстан) жатыр. Оның ішінде 4 бала бар. 71 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 7-уі - ауыр, 21 пациенттің жағдайы – орташа ауыр (біреуі облыстан). Коронавирус инфекциясынан 28 пациент сауығып, ауруханадан шығарылды. 2 науқас көз жұмды. Мегаполистің уақытша орталықтарында 138 адам бар, олардың 9-ы – бала, 368-і – карантиндік оқшаулауда, 5 334 адам – үй карантинінде.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.