USD
USD
USD

Алматыда британиялық азаматқа 20 жыл бас бостандығынан айыруға үкім кесілді

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қонақ үйде бір жарым жасар қызды өлтіру ісі бойынша үкім шығарды. Сот 42 жастағы Ұлыбритания азаматын кінәлі деп танып, бес жыл мерзімге Қазақстаннан шеттетіп, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті, деп хабарлады inbusiness.kz.

Алматыда британиялық азаматқа 20 жыл бас бостандығынан айыруға үкім кесілді
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Қылмыстық процесс онлайн форматта өтті. Істі судья Бақытжан Бәкірбаев қарады. Ал айыпталушы Мохамед Баракат өзінің қорғаушысымен бірге сотқа онлайн қатысты. «Сот өткен жылдың қазан айында Алматыдағы қонақ үйде Ұлыбритания азаматы алкоголь және есірткіге мас күйінде әйелімен жанжалдан кейін бір жасар қызын ұрып, оның өліміне әкеп соқтырғанын анықтады. 10-нан астам куәгер қолында баласы бар әйелдің қабылдау бөліміне жүгіріп келіп, күйеуі баланы өлтірді деп айтқанына куәлік етті», - деді сот. Еске салайық, 2019 жылдың 24 қазан күні Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бір жарым жасар қыз қайтыс болып, оның өліміне қатысы бар деп оның әкесі ұсталған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана

Ресейдің Бас прокуратурасы FIDE басшысы Тимур Турлов пен Freedom Holding атына сотқа талап-арыз түсірді

Тимур Турлов