USD
USD
USD

Алматыда бозбаланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Алматы полициясы бозбаланы қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісін ұстады. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда бозбаланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға Қалқаман шағын ауданында болған. Жаяу жүргіншілер өткелінде ГАЗ-53 көлігін басқарған азамат жасөспірімді қағып, жол апатынан кейін жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды.

– Бір тәуліктен кейін жүргізуші Алматы облысында алкогольдік және есірткілік масаң күйде ұсталды. Көлік жақын маңдағы көшеден табылған, ол жол апатынан кейін оны тастап, жаяу қашып кеткен. Тексеру барысында жүргізуші 2020 жылы 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Қазір ол қамауда. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК-нің 347-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ іздестіру бөлімінің бастығы Қайсар Төлебеков.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.  

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай