USD
USD
USD

Алматыда блокпост қойыла ма?

Осы сауалға Atameken Business телеарнасының тікелей эфирінде қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда блокпост қойыла ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазір осы мәселеге байланысты критерийлер айқындалды. Қазір Алматыдағы аурушаңдық көлемі блокпост қоюды немесе әуе қатынасын тоқтатуды талап етпейді. Қазір қабылданып отырған шектеу шаралары вирустың таралуының алдын алуға жеткілікті», - деді Жандарбек Бекшин. Айта кету керек, Алматы қаласы қызыл аймаққа енуіне байланысты қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдаған болатын. Қаулыға сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар сенбі-жексенбі күні жұмыс істемейді. Ал кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, жаңа қаулыға сәйкес енді коронавирус жұқтырған адамдар ауруханаға жатып емделеді.

Қазір оқып жатыр

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық