USD
USD
USD

Алматыда бірнеше рет алаяқтық жасаған ресейлік азамат ұсталды

Алматыда бірқатар алаяқтық жасаған ресейлік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда бірнеше рет алаяқтық жасаған ресейлік азамат ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасағаны үшін 52 жастағы С.есімді азаматты ұстады. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта күдіктінің үш эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды.

– Қылмыстың тізбегі қарапайым болды: аңқау азаматтар такси жолаушысы сияқты көрініп, жүргізушімен тіл табысып алған алаяқтың айласына оңай түсіп қалатын. Жол-жөнекей ер адам жүргізушіні техника мен басқа да халық тұтынатын тауарларды нарықтан төмен бағамен алуға мүмкіндігі бар екеніне сендірді. Одан әрі ол такси жүргізушілеріне тауарды сатуға көмектесемін деп уәде берді. Ол үшін жеке такси жүргізушілері тиімді кәсіпке қаражат салу үшін ақшаны тез арада тауып, қаскөйге беруі керек болды. Өкінішке қарай, қаланың үш тұрғыны қаскөйдің қылмыстық желісіне түсіп қалды, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Тергеу жәбірленушілердің одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан полиция қызметкерлері С.есімді азаматтың әрекетінен зардап шеккен адамдарды Медеу аудандық ПБ-ға немесе мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 254-48-02; 254-48-01; 8-707-142-01-11.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.