USD
USD
USD

Алматыда бірнеше күн ауа райы тұрақсыз болады

Алматыда алдағы күндері найзағай мен бұршақ болады. Жалпы, ауа райы 9 маусымға дейін тұрақсыз. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері мәлімдеді.

Алматыда бірнеше күн ауа райы тұрақсыз болады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. 5 маусымда найзағай соғады, ал 6 және 7 маусымда қалада бұршақ жаууы мүмкін.

"Алдағы аптада қалада тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек 9-10 маусымда ауа райы жауын-шашынсыз. Қалған күндері күннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. 6,7,8,11 маусымда күннің екінші жартысында жаңбыр жауады", - деді Қазгидрометтің Алматыдағы бөлімінің жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев.

Алматының таулы аудандарында да найзағай, бұршақ, жаңбыр және қатты жел күтіледі. Кейбір шатқалда желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін.

"Қазгидромет" мәліметінше, ауа температурасы 5-11 маусым аралығында күндіз +28...+33 градус болады, түнде + 15...+22.

Еске салайық, 4 маусымда Алматыда қатты желден ағаштар құлаған болатын. Тұрғындарға электр желілерінен аулақ болуды және мүмкіндігінше үйде отыруға кеңес берілді. Қалада ауа райының тұрақсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға