USD
USD
USD

Алматыда бірнеше көшені су басты

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне қаладағы аудандарды су басқаны туралы 15 хабарлама келіп түсті.

Алматыда бірнеше көшені су басты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жаңбыр жауып, ауа райы нашарлайтыны туралы ескертуден кейін 18 наурызда сағат 9:45-те 112 желісіне 15 хабарлама түскен. Алатау ауданынан - 4 хабарлама, Жетісу ауданында - 5, Алмалы - 2, Бостандық, Медеу, Түрксіб, Наурызбай - бір-бірден. Барлық мекенжайда мердігер ұйымдар, аудандық Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр.

Тек Райымбек даңғылы бойындағы №230 үй маңындағы су басқан бір учаскеде "Алматы Тазалық" (үш техника, екі мотопомпа және 14 адам) күшімен 35 текше метр су шығарылды. Қазіргі уақытта қауіп жойылды, жағдай тұрақталды. Көшеде мониторинг жалғасып жатыр. Наурыздың басынан бері Алматыда 87 миллиметр жауын-шашын түскені атап өтілді.

Бұған дейін қалада жауын-шашыннан кейін жергілікті су басу бойынша 14 факт тіркеліп, әкімдіктер мердігер ұйымдары мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті барлық деректі жойды.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet