USD
USD
USD

Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

Алматыда көркем фильмнің түсірілуіне байланысты қала көшелерінің белгілі бір учаскесі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. 15 қаңтарда сағат 10-нан 14.00-ге дейін - Жібек жолы көшесі, Бұзырбаев көшесінен Горький атындағы саябаққа дейін;

16 қаңтар сағат 19.00-ден 02.00-ге дейін - Тимирязев көшесі Жандосов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін;

18 қаңтар сағат 01.00-ден 06.00-ге дейін - Бөгенбай батыр көшесі Достық көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін;

18 қаңтар және 19 қаңтар сағат 03.00-ден 07.00-ге дейін - Құрманғазы көшесі Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейін.

Түсірілім барысында түтін, пиротехника құралдары қолданылады, сондай-ақ, қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде адам көп жиналатын түсірілімдер болады.

"Кино тобы түсірілім басталардан бірнеше күн бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын хабардар етуге, сондай-ақ, ақпараттық белгілерді тікелей орындарда пайдалануға міндеттенді. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан түсірілім процесіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия