USD
USD
USD

Алматыда бірқатар маршруттың автобустары жаңарады

Алматыда маршрут автобустары жаңарып жатыр. 

Алматыда бірқатар маршруттың автобустары жаңарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 20 желтоқсаннан бастап бірнеше бағыттың автобустары жаңарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеу ауданында орналасқан Каменское плато, Ақтөбе ауылы, Қайың тоғайы, Таужолы шағынаудандары мен Соғыс ардагерлері госпиталі маңында тұратын тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру үшін 2022 жылдың 20 желтоқсаннан бастап келесі маршруттарда жаңа автобустар шығады:

№5 маршрут «Қалдаяқов – Жібек жолы көшесі мен Ақтөбе ауылы», №5а «Қалдаяқов көшесі – Жібек жолы көшесі – Соғыс ардагерлері госпиталі», №5б «Жібек жолы көшесі – Соғыс ардагерлері госпиталі», №5в «Қайың тоғайы –Достық даңғылы - Оспанов көшесі», №26 «№7 қалалық аурухана – Экологиялық пост».

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, соңғы айларда аталған маршруттарда жоспарлы жылжымалы бірліктің жолға шығуы 50% дейін төмендегендіктен, маршруттарды Иссузу Н-40 маркалы жаңа 19 автобуспен қызмет көрсететін «Сапаршы» ЖШС тасымалдаушы компаниясына беру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, №5 маршрутқа 4 жылжымалы бірлік, №5а мен №5в маршруттарына 2, №5б маршрутына 3 және №26 маршрутқа 5 автобус шығару қарастырылған.

«Қалалық мобилділік басқармасы қызмет көрсету сапасын арттыру мен жүріс жиілігін арттыру бағытында бірқатар шара қабылдап жатыр. Маршруттарда туындаған мәселелер кезең кезеңмен шешімін табатын болады»,- деп атап өтті ведомстводан.

Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында Алматыға 300 жаңа автобус сатып алынатынын айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу