USD
USD
USD

Алматыда бірқатар көше жөндеуге жабылады

Күзге дейін Алматыда бірнеше көше жөндеуге жабылады. 

Алматыда бірқатар көше жөндеуге жабылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE..Алматыда 30 тамызға дейін бірнеше көше жылу желілерін қалпына келтіру үшін жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 10 мамырдан 30 тамызға дейін Алматыда жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты бірнеше көше бойынша автомотокөліктердің қозғалысы шектеледі:

- Медеу ауданында Қазыбек би көшесімен (Уәлиханов көшесінен Абдуллиндер көшесіне дейін) өтетін жол жабылады;

- Бостандық ауданында қозғалыс Ганди көшесімен («Нұрсұлтан Назарбаев қоры» ЖҚ-дан Батыс Желтоқсан көшесіне дейін) тоқтатылады.

«Енгізілген шектеулер аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінен.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрады.

Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе