USD
USD
USD

Алматыда бірқатар автобустың маршруты уақытша өзгерді

Алматыда бірқатар автобустың маршруты өзгерді.

Алматыда бірқатар автобустың маршруты уақытша өзгерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы бағдаршамның істен шығуына байланысты қоғамдық көлік маршрутына өзгеріс енгізілді. Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы бағдаршамның кабель кәрізін апаттық қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қаңтар айының 9 мен 11 аралығында Райымбек даңғылымен шығыс бағыттағы қоғамдық көлік қозғалысы уақытша жабық болады. «4, 7, 11, 23, 50, 54, 59, 69, 78, 117, 141 маршруттары уақытша Райымбек даңғылы бойындағы тоннель арқылы ұйымдастырылып, жолаушыларды отырғызу мен түсіру үшін аялдама уақытша Жангелдин көшесі қиылысында орналасады» деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасы.

Сонымен қатар №203, 207, 204, 221, 208, 220, 222, 224, 228 қала маңы маршруттары уақытша Жангелдин – Мақатаев көшесі – Көкбазар және кері қарай да осы бағыт бойынша ұйымдастырылады.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян