USD
USD
USD

Алматыда бірқатар автобустың бағыты уақытша өзгереді

Алматыда жыл сайын Charity Music Run атты музыкалық қайырымдылық жарыстың өтуіне байланысты мегаполисте бірқатар қоғамдық көлік бағыты уақытша өзгереді.

Алматыда бірқатар автобустың бағыты уақытша өзгереді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметіне сәйкес, 10 қыркүйекте мына бағыттар бойынша өзгеріс болады:

№201 – оңтүстік бағытта – Мөңке би – Момышұлы – Төле би көшесі –одан әрі сызба бойынша;

№201 – солтүстік бағытта – өзгеріссіз;

№105 – оңтүстік бағытта – Мамыржай – Момышұлы – Төле би көшесі – одан әрі сызба бойынша;

№105 – солтүстік бағытта – өзгеріссіз;

№19 – батыс бағытта – Рысқұлов даңғылы – Рысқұлов қиылысының алдындағы бұрылыс /Фариза Оңғарсынова – «№178 лицей»-дің соңғы аялдамасы;

№19 – шығыс бағытта – қозғалыстың бастауы «№178 лицей»-дің соңғы аялдамасынан - Рысқұлов даңғылы (шығысқа) – одан әрі сызба бойынша.

Айта кетейік, Алматыда 9 қыркүйекте сағат 19:00 қала күнін мерекелеу аясында Еthnotronica Almaty музыкалық технологиялық шоуы өтеді.

«Ethnotronica» - бұл стильдердің әртүрлілігін, әлем халықтарының әуендерінің сұлулығын, дәстүрлі аспаптардың колоритін және электрондық ырғақтың қуатын біріктіретін бірегей музыкалық және технологиялық шоу.

Биыл Ethnotronica фестивалінде ZSOMBOR FEHER (Венгрия), ABBOS (Өзбекстан), SITORA NAZAROVA (Тәжікстан), TURAN (Қазақстан), VRAM MINASYAN (Армения), BRANKO AND KАІ (Қазақстан), DJ DUBTAZER (Израиль), DJ TIM DIAN (Ресей), DJ EDIGE (Қазақстан), DJ TIM DIAN (Ресей) өнер көрсетеді.

Өтетін күні мен орны: 9 қыркүйек, Абай атындағы алаң, Республика сарайының алды (Достық даңғылы мен Абай даңғылының қиылысы)

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері