USD
USD
USD

Алматыда бірінші сынып оқушысының зорлануы: Сараптама қорытындысы жарияланды

Алматы полициясы жекеменшік мектептердің бірінде 7 жасар баланы зорлау фактісіне қатысты сот-медициналық комиссия сараптамасының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Kazinform. 

Алматыда бірінші сынып оқушысының зорлануы: Сараптама қорытындысы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігімен қарастырылған қылмыс бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Сот-комиссиялық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша баланың денесінде сыртқы және ішкі жарақаттар табылмады. Қазір қосымша сараптама тағайындалды. Сондай-ақ геномдық ДНҚ сараптамасы жүргізілді, ол бөгде биоматериалдың жоқ екендігін анықтады», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бақылау камераларына түскен бейнежазбалар тергеу үшін тәркіленіп, мұқият сараптамадан өтті. Алайда қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, атап айтқанда, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу туралы мәліметтер жария етуге жатпайды.

Еске салайық, қазан айының басында Алматы тұрғыны 1-сыныптағы баласының зорланғаны туралы мәлімдеме жасағанболатын. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар