USD
USD
USD

Алматыда бірінші сынып оқушылары тегін тамақтанады

Бірінші  қыркүйектен бастап  Алматыдағы  мемлекеттік мектептердің бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен жыл соңына дейін 5,3 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Хабар-24.

Алматыда бірінші сынып оқушылары тегін тамақтанады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай айтты. Сондай-ақ,  мектептер бес күндік оқуға көшеді. Қазір қалада үш ауысымда оқитын бір ғана мектеп бар. Осы мәселені шешу үшін Алатау ауданында 1 500 оқушыға арналған мектеп құрылысы жүріп жатыр. Ал білім күні Қалқаман, Саялы және Томирис шағын аудандарында үш жаңа мектеп ашылады.

Биыл 13 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын  аттайды. Айдын Сайлаубай қазақ мектептерінде  бастауыш сыныптардағы орыс және ағылшын тілдерінің оқытылмауына байланысты ұстаздар саны қысқармайтындығын айтты. 

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры