Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында індет жұқтыру 5 есе көбейген

Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, туралы деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында індет жұқтыру 5 есе көбейген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Департаменттың мәліметі бойынша, 2021 жылдың басынан бастап 22 568 жағдай тіркелді (100 мың тұрғынға шаққанда 1109,2 көрсеткіш), соңғы тәулікте 709 жағдай. Тәуліктік өсім 1,7. Соңғы 7 күнде сырқаттанушылық көрсеткіші R – 1,2 сақталып отырған репродуктивтік сан кезінде 234,8-ден 241,8-ге дейін өсті. Сәуір айында аурушаңдықтың болжамды өсуі жалғасуда, КВИ індетінің апталық даму серпіні болжамға сәйкес келеді - 4376 жағдай, іс жүзінде 1-7 сәуір аралығында КВИ-дің 4 340 жағдайы тіркелді. «Алматы қаласында коронавирус инфекцияның өсу себептері, бұрын айтылғандай, ең алдымен, Сovid-19 мутацияланған штамдарының таралуынан болып отыр. Аурудың өсуі мутацияланған штамдардың анықталуына тура келеді, онда қысқа инкубациялық кезең, барлық жас топтарының, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың зақымдануы, ауыр ағым және жоғары өлім-жітім байқалады. 1 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ ауруының өсуі сәуірдің соңғы 7 күнінде 64 жағдайға жетті, наурыз айының 1 аптасындағы 12 жағдайға қарағанда, 1 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ жағдайларының апталық тіркелуі мутацияланған КВИ штамдарының таралуына қарағанда 5,3 есе өсті. 2020 жылы 1 жасқа дейінгі балалар арасында барлығы 165 КВИ жағдайы тіркелді.; ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 107 жағдайдан 372-ге дейін, яғни 3,5 есе»,-деп хабарлады департаменттен. Соңғы 14 күнде 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында КВИ ауруының 1,1% – ға (4,5 – тен 3,4% - ға дейін), 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында 3,5% - ға (39,1-ден 35,6% - ға дейін) төмендегені байқалады. Керісінше, 40-59 жастағы азаматтар арасында 1 деңгейде 1,4% - ға (26,7-ден 28,1% - ға дейін), ал 60 жастан асқан адамдарда ауру сәйкесінше 4% - ға (19,2-ден 23,0% - ға дейін) өсті. Бұл жағдай мутацияланған вирустың нәрестелерге, балаларға және үлкен жастағы адамдарға (60 жастан асқан) бағытталғандығын көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық