USD
USD
USD

Алматыда бір жасар баланы көлік басып өлтірді

Алматының Алатау ауданында жеке үйдің ауласында бір жасар баланы көлік басып өлтірді.

Алматыда бір жасар баланы көлік басып өлтірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 сәуір күні болған.

Жеке үйдің ауласынан шығып бара жатқан «Mitsubishi Delica» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі баланы байқамай басып кеткен. 2021 жылы туған бүлдіршін алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды»,- деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити