USD
USD
USD

Алматыда бір тәулікте 136 жол апаты болды

Алматыда бір тәулікте 136 жол апаты болды. Алматы полициясы жол қозғалысы қатысушыларына үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматыда бір тәулікте 136 жол апаты болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

«Бұл үндеу қауіпті қозғалыс құралын басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытып, зейінділігін арттыруға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға септігін тигізеді», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Алматы қаласы ПД Жедел басқару орталығының ЖПҚБ кезекші бөлімінің мәліметі бойынша 16 қараша таңғы сағат 08:00-ден 17 қараша таңғы сағат 08:00-ге дейін Алматы қаласында 136 ЖКО тіркелді, оның 26-сында зардап шеккендер бар. Адам шығыны жоқ.

«Сонымен қатар, ауа райының нашарлауына және қар жауғанына, ауа температурасының минус деңгейге дейін төмендеуіне байланысты, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен көлік иелеріне көліктерінің дөңгелектерін қысқы мезгілге арналған дөңгелектерге ауыстыруларын ұсынамыз», – деді Ұзабаев.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков