Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда бір ғана мектеп дәстүрлі режимде жұмыс істейді

 Алматыдағы №197-інші мектеп білім күнін дәстүрлі сынып сағатымен бастады. Медеу ауданына қарасты Сұлусай елдімекенінде орналасқан бұл білім ошағы қаладағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтін жалғыз мектеп.

Алматыда бір ғана мектеп дәстүрлі режимде жұмыс істейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бала саны аз болғандықтан білім басқармасы мен қалалық бас санитар дәрігер балалардың мектепке келіп оқуына рұқсат берген. 9 жылдық мектепте екі ауысымда 63 бала оқиды. Әр сыныптағы бала саны 6-дан аспайды. Мектепте барлық санитарлық талап сақталған. Ал ұстаздар саны – 19.

№197 мектеп директоры Тұнық Сарыбаева: "Барлық сыныпта антисептиктеріміз және кварцтық лампаларымыз толықтай қамтамасыз етілді және әрбір қоңырауға шыққан уақытта әр сынып әр уақытта шығады. Оқушыларымыз таңертең келген кезде олардың дене қызуын тексеретін 2 емханадан бөлінген медбикелер бар" деді.  

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.