USD
USD
USD

Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде мұғалім қайтыс болды

Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде қайғылы оқиға болды – тест тапсырушы қайтыс болды. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде мұғалім қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға Алмалы ауданында болған. Біліктілік сынағы кезіндегі төтенше жағдай туралы оқырманымыз хабарлады.

«Жағдайы нашарлаған кезде ғимаратта тіпті дәрігер де болмады», – деп жазды оқырманымыз.

Сондай-ақ оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.

Куәгердің айтуынша, қайғылы оқиға Алматыдағы көлік және логистика академиясында мұғалімдердің біліктілік тесті кезінде болған.

«Ешқандай алғашқы көмек көрсетіле алмады. Жедел жәрдеп келгенше адам қайтыс болып кетті», – деді куәгер.

«1973 жылы туған азаматтың өлімі фактісі Алмалы аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов