USD
USD
USD

Алматыда бетперде киген үш адам жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасады

Алматыда бетперде киген үш адам жанармай бекетінде қарақшылық шабуыл жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда бетперде киген үш адам жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2020 жылдың 12 тамызында, таңертең полицияға, бетперде киген үш адам жанармай бекетінде қарулы қарақшылық шабуыл жасағандығы туралы хабарлама келді. Жедел-іздестіру шаралары барысында бетперде киген үш ер адамның, Алматы қаласының аудандарының бірінде орналасқан жанармай құю бекетінің ғимаратына кіріп, тапаншаны қолданамын деп қорқытып, 52 мың теңге көлемінде қаражатты иемденіп, кейін белгісіз бағытта жоғалып кеткені анықталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде осы қылмысты жасаған екі ер адам ұсталды. Олар Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты, біреуі бұрын сотталған, олар Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіге қатысты оны іздеу және қамауға алу шаралары жүргізілуде. «Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады, Алматы қалалық полиция Департаментінің Баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай