USD
USD
USD

Алматыда белгісіз біреулер жүріп бара жатқан автобус төбесінде отшашу атқан

Алматыда белгісіз біреулер жүріп бара жатқан жолаушылар автобусының төбесінде отшашу атқан. Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы таралды.

Алматыда белгісіз біреулер жүріп бара жатқан автобус төбесінде отшашу атқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кадрлардан түнде Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысындағы аялдамада автобустың қалай тұрып қалғанын көруге болады. Бұл уақытта куәгерлер көліктің төбесінде отшашу атқан екі адамды байқаған.

Осыдан кейін автобус қозғала бастаған, бірақ бірнеше метрден кейін қайта тоқтайды. Отшашуды ұйымдастырушылар автобустан секіріп үлгерген.

"Алматы полиция департаментінің тиісті бөлімшелері бұзақыларды анықтау, оларды ұстау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс істеп жатыр", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран

Дәдебай Құрылтайдағы орынбасарларын таңдады

Құрылтай төрағасының орынбасарлары

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер зардап шекті

өрт шықты