USD
USD
USD

Алматыда белгісіз біреу теміржол қызметкеріне оқ атқан

Алматыда теміржол станциясының қызметкеріне белгісіз біреу оқ атты.

Алматыда белгісіз біреу теміржол қызметкеріне оқ атқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны теміржол қызметкерін өлтіруге әрекет жасады.

"26 шілдеде Көліктегі полиция департаментінің Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне Н. есімді ер адамға шабуыл жасалғаны, соның салдарынан ол оқтан жарақаттанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктіден "Наган револьвері тәркіленді", - деді Көліктегі полиция департаменті басшысы Оңал Бекеев.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі