USD
USD
USD

Алматыда белгілі блогерді пайдаланып «науқас» баланың еміне ақша жинаған алаяқтар ұсталды

Алматыда «науқас» баланың еміне ақша жинаған екі қыз ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда белгілі блогерді пайдаланып «науқас» баланың еміне ақша жинаған алаяқтар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 22 және 23 жастағы қыздар әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

Оқиға белгілі блогердің алаяқтық туралы Әуезов аудандық полициясына арыздануынан басталған. Оның айтуынша, екі бойжеткен науқас балаға көмек сұрап, қолдан жасалған құжаттарды көрсетіп, блогерді парақшасына пост жариялауға көндірген. Блогердің үлкен аудиториясы жанашырлық танытып, белсенді түрде қаражат аудара бастаған.

«Бұл қылмысқа күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар – Ақмола облысының тұрғындары. Алғашқы жауап алу күні қыздар өз іс-әрекеттерін мойындады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды», – деді Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Күдіктілердің бірі спортшы, таэквандомен айналысқан және бұрын ұрлық әрекеті үшін жауапқа тартылған. Ал оның жанындағы құрбысы маникюр жасау маманы. Қазір тергеушілер олардың алаяқтық әрекеттеріне ұқсас жағдайларды анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж

PISA-2025: Қазақстан оқушылары қандай нәтиже көретті?

Сынып

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова