USD
USD
USD

Алматыда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ашылды

Алматыда

Алматыда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ашылды
Фото: NEGE.kz

астана күніне орай Бекзат Саттарханов атындағы «Бокс әлемі» спорт кешені ашылды.

Алматы, NEGE. Кешеннің ашылуына аудан әкімі Сайран Сайфеденов қатысты. Ол жас спортшыларды мерекелерімен құттықтап, оларға сәттілік пен үлкен жеңістер тіледі. Кешен «Юность» кинотеатры ғимаратының орнында пайда болды.

Екі қабатты спорт кешенінің бокс залы - 200 шаршы метр. Сонымен қатар, би және гимнастика залдары бар.

«Осы ғимаратты бізге бергені үшін Әуезов ауданының әкімдігіне рахмет. Ол 15 жыл бос тұрды. Біз жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Барлығы 33 млн теңге инвестиция салынды. Бұл әлеуметтік жоба. Келушілердің арасында қазірдің өзінде қалалық және республикалық чемпионаттардың жеңімпаздары бар. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына үлкен жеңілдіктер болады», - деді спорт кешенінің директоры Бағдат Сырлыбаев.

Қазір оқып жатыр

Байжансайдағы оқиға: депутат қамауға алынды

.

ERG Бразилиядағы темір кені активтерін сатуға жақын – БАҚ

ERG

«Ғажайып ғасырдағы» Сүлеймен сұлтан Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі

.

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк