USD
USD
USD

Алматыда бейбітшілік маршы өтті

Бүгін Алматының 80-ге жуық жас тұрғыны М. Горький атындағы саябақтан 28-ші Панфиловшылар саябағына дейін бейбітшілік шеруіне шықты.
Алматыда бейбітшілік маршы өтті
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Бұған дейін әлеуметтік желілерде алматылықтарды «Бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін!» деген сөздер жазылған плакаттар мен лозунгалар көтеріп шығуға шақырған үндеулер болды. Бұл үндеуге Алматы жастары үн қосты. Алайда, іс-шара жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген еді.
 
Балалар «Бейбіт Қазақстан үшін», «Қазақстан бейбітшілік аумағы» және «Біздің күшіміз бірлікте» деген сөздер жазылған плакаттармен Алматының орталық көшелерімен жүріп өтті, еліміздің Әнұранын айтып, Панфиловшы жауынгерлердің ескерткішіне гүлшоқтарын қойды.
 
Шеру келісілмегендіктен,қалалық прокуратура өкілдері жастарға рұқсат етілмеген жиындарға тыйым салынғанын түсіндіріп, олардың таралуын сұрады.
 
Содан соң іс-шара аяқталды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық