USD
USD
USD

Алматыда басқарма басшысы парамен ұсталды

Алматыда әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы - еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы парамен ұсталды.

Алматыда басқарма басшысы парамен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы - еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы А.Қ.Қапаров ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

«А.Қ.Қапаров оқу орталықтарының өкілдерінен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша курстан өткені туралы сертификаттарға бірнеше рет қол қойғаны үшін 150 000 теңгеге дейін пара алған. Оған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 819 740 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ»,- делінеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов