USD
USD
USD

Барахолка қоймасындағы өрт сөндірілді

11 қарашада Алматыда барахолкадан өрт шықты. 

Барахолка қоймасындағы өрт сөндірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 11 қарашада сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданында орналасқан базардың өртін сөндіруге аттанды.

Өрт сөндірушілердің алғашқы легі оқиға орнына 8 минутта жетті.

- Жалпы аумағы 1,5 шаршы метр болатын қойма жанып жатты, қою түтін шығып, іргелес және көрші қоймалардағы тауарлар мен материалдар салынған контейнерлерге таралу қаупі болды, - деді Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт сөндіру құралдарының үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді, сонымен қатар өрт сөндіру көлігі тартылды. Өтіп бара жатқандар мен куәгерлер кедергі жасағандықтан, полицейлер қоршау ұйымдастырды.

Оқиға орнына жедел штаб жұмылдырылды.

Өрттің ошағын анықтау үшін тепловизорлар қолданылды, қойманың бетон конструкцияларының құлау қаупі болғандықтан, өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жұмыс істеді.

Жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метр болатын жердегі өрт 69 минутта ауыздықталды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Мені қатты сөкпеңіз»: Бибісара Асаубаева қазақша үйреніп жүр

.

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.