USD
USD
USD

Алматыда «барахолка» өртенді

 Алматыдағы «барахолка» базарынан өрт шықты. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматыда «барахолка» өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыдағы «барахолка» базарында өрт шықты. Мizam көтерме-бөлшек сауда базарының аумағы отқа оранды. Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, салынып жатқан ғимараттың қаптамасы өртенген. Қызыл жалын барлығы 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ол сөндірілді. Айта кетейік, кеше Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланған болатын. Бұқар жырау 27/5-ге көшесіндегі көпқабатты үйдің 13-ші қабатындағы пәтер отқа оранды. Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялады. Зардап шекендер жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

.

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

.

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

.

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар