USD
USD
USD

Алматыда балмұздақ зауытында аммиак төгіліп, бес адам уланып қалды

Алматыдағы «Шин-Лайн» компаниясының цехында төгілген аммиактан бес адам уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда балмұздақ зауытында аммиак төгіліп, бес адам уланып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауаға тараған химиялық қосындының буына уланған бес қызметкер Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген.

«Бес науқастың біреуінің жағдайы тұрақты болуына байланысты стационарлық емнен бас тартты. Төрт науқастың үшеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Қалған бір науқас токсикология бөлімінде ем алуда. Жағдайы орташа», - деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Алматы қаласының полиция департаменті осы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 156 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін оқиғаның мән-жайы анықталып, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция

Баян Алагөзова алғаш рет Forbes Kazakhstan жариялаған ең ықпалды әйелдер тізіміне енді

Баян Алагөзова