USD
USD
USD

Алматыда балаларымен бірге терезеден секіріп кеткен әйелдің төленбеген үш несиесі болған

Алматыда үш баласы мен өзі тоғызыншы қабаттан секіріп өлген Бақтыгүл Қыдырбаеваның атында үш несиесі болғаны анықталды. Оның бірін келіншек қазан айында рәсімдеген екен, деп хабарлайды 31-арна “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы.

Алматыда балаларымен бірге терезеден секіріп кеткен әйелдің төленбеген үш несиесі болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бақтыгүл Қыдырбаеваның атына үш мәрте несие рәсімделіпті. Екі несиесін уақытылы төлей алмағандықтан, ісі сот орындаушыларының қарауында. Соңғы рет қазан айының соңында 15 мың теңге несие алыпты. Бірақ ол қаражатты да уақытында төлей алмаған. Нұрсұлтан Оразов келіншегінің несиелерінен хабардар, бірге алдық деп отыр. Жұмыс бірде бар, бірде жоқ, шамама қарай төлеп жүрмін деді. Марқұмның әпкесі, жәрдемақы алуға бірнеше мәрте құжат өткізіп, рәсімдей алмағанын айтқан болатын. Ал Нұрсұлтанның туыстары жас отбасының қаражаттан қысылғанынан хабарсызбыз дейді.

Марқұмның күйеуі әйелімен соңғы сөйлескенінде екеуара еш араздық болмағанын жеткізді. Келіншегінің атына рәсімделген үш бірдей несиеден де хабары бар екен. Бақтыгүл Қыдырбаева соңғы рет қазан айында ғана шағын несие ұйымынан 15 мың теңге несие рәсімдеген. Бірақ уақытында төлей алмаған.

Марқұмның туған әпкесі Жанар Қыдырбаеваның айтуынша, марқұм бұрын екі мәрте анафилактикалық шок алған екен.

“Көңіл күйі жақсы еді, бірнеше күн бұрын кенжесіне 20 мың теңгеге күртеше сатып алғанының суретін жіберген, үлкен қызының мақтау қағазын көрсетіп қуанған, не болғанын өзіміз де түсінбей жатырмыз. Бұған дейін сіңілім анафилактикалық шок алған. Әлдебір затқа аллергиясы болатын”, - деді марқұмның әпкесі Жанар Қыдырбаева.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран