USD
USD
USD

Алматыда балаларды ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады

Ақпаратты Алматы қаласы бойынша білім сапасын қамтамасыз ету департаменті растады.

Алматыда балаларды ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда балабақшада балаларды ұрып-соқты деген тәрбиеші өзіне қол жұмсады. Ақпаратты қалалық Полиция басқармасы растады.

"Алматы қаласының полиция департаменті 1979 жылы туған азаматша Б-ның өзіне қол жұмсағанын растап отыр. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Мән-жай анықталып жатыр", - деді департаменттегілер.

Бұған дейін Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті Қазнет қолданушыларын ашуландырғаны хабарланған еді. Кейін тәрбиеші бап бойынша жұмыстан шығарылғаны айтылды. Әлеуметтік желіде балаларға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.

Даудың басы видеодан басталды. Ата-аналар отырған чатқа тәрбиеші байқамай бейнежазбаны салып жіберген. Мұғалімнің балаларға дөрекілік танытқан видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырды. 

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп