USD
USD
USD

Алматыда Байзақов көшесінде жөндеу жұмыстары басталды

29 тамыз сағ.23:00-ден 30 тамыз 06:00-ге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Байзақов көшесінің Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігінде жол толығымен жабылады.

Алматыда Байзақов көшесінде жөндеу жұмыстары басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жабық учаскені Әуезов, Сәтбаев Байтұрсынов және Тимирязев көшелері арқылы арқылы айналып өтуге болады. Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылатын болады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтарды қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларынан көруге болады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты