USD
USD
USD

Алматыда азық-түліктің бағасын тұрақтандыруға 15 млрд теңге бөлінді

«Алматыда жыл соңына дейін азық-түліктің бағасы тұрақты болады». Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифингте мәлімдеді.

Алматыда азық-түліктің бағасын тұрақтандыруға 15 млрд теңге бөлінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл әкімдіктің назарындағы маңызды дүние. Биылғы 5 айдың ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы 4,8%-ға өсті. Бірақ бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 15 миллиард теңге бөлдік. Менің ойымша, азық-түлік бағасы осы жылдың соңына дейін аздап болса да тұрақты болады. Осы жылы Алматыда 10-10,5% инфляция күтіліп отыр», - деді Ерболат Досаев журналистің сұрағына жауап беріп.

Сонымен қатар, Бас жоспарға сәйкес Алматыда 200 жаңа мектеп пен 80 медициналық мекеме салынады

Алматының жаңа  бас жоспарында  әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымға қатысты қаланың теңгерімді дамуы ескерілген.

Бас жоспарда 2040 жылға қарай халық санының 3 млн.адамға дейінгі болжамын және экономиканың орташа жылдық 5% - ға өсуін ескере отырып, 5 полиорталықтар құрылымын біркелкі қалыптастыру көзделген.

"Білім беру және денсаулық сақтау нысандарына қадамдық қолжетімділік жасалады. 200 жаңа мектеп және 80-нен астам медициналық мекеме салынды. Қоғамдық көліктің үлесі 60% - ға дейін ұлғайтылды. 210 км жаңа жолдар мен 3,6 мың км инженерлік желілер, сондай - ақ 2 750 га жаңа саябақтар мен скверлер салынады", - деді Ерболат Досаев.

2023 жылғы 3 мамырда Үкіметтің қаулысымен Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді. Ол "Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды" ескере отырып, полицентристік қағидаттарға негізделген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары