USD
USD
USD

Алматыда әжетханадан табылған нәрестенің жағдайы белгілі болды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әжетханадан шығарылған жаңа туған нәрестенің жағдайы туралы айтты. Сәби жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматыда әжетханадан табылған нәрестенің жағдайы белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәби 21-22 аптада шала дүниеге келген.

- Қазір гипотермияға байланысты баланың жағдайы өте ауыр. Реанимация бөлімінде қарқынды терапия алады, - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

25 тамыз күні кәмелетке толмаған қыз даладағы әжетханада босанған. Қыздың анасы оның жүкті болғанын білмеген. Бұл факті бойынша тергеу басталды. Жағдайлар белгіленген.

Баланың 17 жастағы анасы да ауруханада жатыр. Қазір оның жағдайы орташа ауыр.

- Гемодинамикасы тұрақты. Клиникалық хаттама бойынша толық көлемде ем қабылдап, тексеруден өтеді, - деп мәлімдеді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі. 

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры