USD
USD
USD

Алматыда автотұрақ ақысы көтеріледі

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Алматыда автотұрақ ақысы көтеріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Автотұраққа келетін болсақ: биылдан бастап орындарды анықтаймыз, аумаққа байланысты тұрақ ақысын көтереміз. Әрине, мен қалағандай бұл жұмысты 1 шілдеге дейін істеп үлгермейміз, бірақ қыркүйектің басында дайын болуы керек", - деді Досаев.

Ол Алматының әр аудандарында көлік тұрағы үшін төлем әр түрлі болатынын атап өтті.

"Яғни, Алатау, Медеу ауданында, Құлжа тасжолына шыға берісте бір тариф болады делік, ол әлі де ойланатын мәселе. Ал тарихи орталыққа жақын жерде тарифтер көтеріледі. Қаражат бюджет кірісіне жұмсалады", - деді Ерболат Досаев.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе