USD
USD
USD

Алматыда авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі өтуде

Алматыда «МӘҢГІЛІК БІРГЕМІЗ» атты Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі өтуде.

Алматыда авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі өтуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтіп жатқан көрме адамзаттың ғарышқа тұңғыш рет ұшқанына 60 жыл толуы мен Қазақстандағы «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау» жылына арналды.

Музейдің баспасөз қызметінің мәліметінше, көрменің 2021 жылғы ресми қуыршағы Көкшетаулық шебер Анастасия Елисееваның «Гагарин. «Ғарышта тұңғыш рет» атты жұмысы болып отыр.

Бұл қуыршақ биыл ғарышқа ұшқан ресейлік кино тобының құрамында болған актриса Юлия Пересильдке тапсырылатын болады.

Сондай-ақ, Анастасия Елисееваның «Гагарин» топтамасынан екі жұмыс Мәскеудегі Космонавтика музейінде өтетін тақырыптық көрмеге қатысуға шақыру алды.

Айта кетейік, «Мәңгілік біргеміз» Бесінші халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі 4-14 қараша аралығында Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтеді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы