USD
USD
USD

Алматыда автобусты есірткі шегіп алып айдаған жүргізуші ұсталды

Алматыда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде жолаушыларды тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда автобусты есірткі шегіп алып айдаған жүргізуші ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жолы 118-ші бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі “елден ерекшеленді”. Оны Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері тоқтатты.

– Жүргізушінің әрекеті күдік туғызды. Оны медициналық тексеруден өткізу үшін ертіп барды, сараптама қорытындысы бойынша нарколог-дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтады. Жүргізуші бірден қоғамдық көлікті басқарудан шеттетілді. Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, — деді Әкімшілік Полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама