USD
USD
USD

Алматыда автобуста маска тақпағандарды камералар бақылайды

 Алматыда қоғамдық көлікке бетпердесіз кірген жолаушыларды енді онлайн камералар бақылайтын болды. Автобус ішіндегі видео арнайы диспетчерлік орталыққа түсіп отырады.

Алматыда автобуста маска тақпағандарды камералар бақылайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаладағы мониторингтік топ халық көп жүретін орындар мен аялдамаларға рейд жүргізген еді. Сүйінбай мен Райымбек даңғылындағы мына аялдамада адам аяғы азайған емес. Сондықтан Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, жергілікті полиция және әкімшілік өкілдерінен құралған мониторингтік топ осы аялдамаға тоқтайтын қоғамдық көліктерді тексерді. Яғни маскасыз жүрген жолаушыларды анықтады.

 Кейбір автобус жүргізушілерінің өзі  санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды дұрыс орындамай, ара-тұра бетперделерін шешкені үшін айыпты болды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекші маманы Назгүл Миракимова: "Бір сағаттың ішінде екі хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама. Ол хаттама да екеуіне толтырылып, бүгін базаға салынады. Базаға салынғаннна кейін, 7 күннің ішінде үлгерсе  41670 теңге болып төленеді. 7 күннен асып кетсе 8 суткадан әрі кетсе, онда 83 мың қылып төлейді" дейді. 

  Қоғамдық көлікте санитарлық-эпидемиологиялық  ережелердің  сақталуын бақылау үшін  Алматыда жаңа пилоттық жоба іске қосылды. Әзірге бұл бір бағыттағы автобуста ғана. Ақылды камералар бетпердесіз жолаушыларды ғана емес, арақашықтықтың сақталуын да қадағалайды.  

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев: "Бұл бейнекамералар   арқылы  диспетчерлер салонда бетпердесіз  немесе  бар бетпердені дұрыс тақпай отырған жолаушыларды анықтай алады. Сөйтіп, олар қашықтықта отырса да сол  көліктің жүргізушісіне құқық бұзған жолаушы туралы хабар береді. Ал автобус жүргізушісі  мұндай жолаушыларды  түсіріп кетуге құқылы" деді.

Пилоттық жоба арқылы соңғы үш күннің өзінде 52 адамның  бетпердесіз, ал 89-жолаушының оны дұрыс кимегені  анықталған. Ал мониторингтік топтың рейдтік жұмыстары қала бойынша әлі де  жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

Зарина Дияс

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Temu

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев